Жиынтықтар
Тауар қолжетімді болған кезде, usermail@gmail.com мекенжайына электрондық хат жібереміз.
Жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз және бонустар алыңыз!
ОСЫ ЖЫЛДЫҢ ЕҢ КҮТТІ СЫЙЛЫҒЫ
Біздің культтік өнімдеріміз (мини- және толық өлшемді нұсқалары), таңғажайып эксклюзивтер мен сәнді дизайн: Рождествоға дейінгі кері санақты одан әрі ерекше етіңіз. KIKO Милан адвент күнтізбесімен әр күн — таза сиқыр.
БҰЛ АДВЕНТ КҮНТІЗБЕСІН НЕГЕ ЕРЕКШЕ ЕТЕДІ?
Сіздің күнделікті әдетіңізді өзгертетін 24 ерекше тосынсый
ОСЫ ЖЫЛДЫҢ ЕҢ КҮТТІ СЫЙЛЫҒЫ
Біздің культтік өнімдеріміз (мини- және толық өлшемді нұсқалары), таңғажайып эксклюзивтер мен сәнді дизайн: Рождествоға дейінгі кері санақты одан әрі ерекше етіңіз. KIKO Милан адвент күнтізбесімен әр күн — таза сиқыр.
БҰЛ АДВЕНТ КҮНТІЗБЕСІН НЕГЕ ЕРЕКШЕ ЕТЕДІ?
Сіздің күнделікті әдетіңізді өзгертетін 24 ерекше тосынсый
1 ЖЕЛТОҚСАН – ЕРІННІҢ МЕРЕКЕЛІК МАКИЯЖЫНА АРНАЛҒАН БАСТЫ ҚҰРАЛ
«Шыр айнал да жарқыра» топтамасындағы жарқыраған ерін далабы / Twist 'N Twinkle Holiday Sparkle Statement Sparkling Lipstick 03
Күлкіңізге жарқыл сыйлайтын металдық әсері бар жылтыр ерін далабы.
2 ЖЕЛТОҚСАН – Көзге арналған ұзақ сақталатын сүрме-маркер / Ultimate Pen Eyeliner 01
Ұшы жұмсақ әрі иілгіш, ұзақ сақталатын әйгілі сүрме-маркер.
3 ЖЕЛТОҚСАН – Тырнақ пен кутикулаға арналған скраб / Nail Scrub
Жағымды хош иісі мен жожобаның қабыршақтандыратын түйіршіктері бар тырнақ пен кутикулаға арналған скраб.
4 ЖЕЛТОҚСАН – Кушон бет далабы / Plush Blush 02
Спонж аппликаторы бар сұйық бет далабы: бет реңін сергітіп, жұмсақ фокус пен жарқырау әсерін береді.
5 ЖЕЛТОҚСАН – Көз айналасын сергітетін патчтар / Energizing Eye Patch
Кофе сығындысы бар гидрогельді патчтар — көз айналасындағы теріге сергектік сыйлайды.
6 ЖЕЛТОҚСАН – Көзге арналған түрлі түсті каял қарындашы / Colour Kajal 11
Қабақтың ішкі жиегіне арналған жұмсақ кремді қарындаш.
7 ЖЕЛТОҚСАН – «Шыр айнал да жарқыра» топтамасындағы шағын күңгірт ерін далабы / Twist 'N Twinkle Holiday Mini Matte Lipstick 01
Ерінге барқыттай күңгірт реңк беретін шағын далап.
8 ЖЕЛТОҚСАН – «Милан хош иісі: Колонн ауданы» шағын әтірі / Mini Scent of Milan Eau de Parfum Colonne District
Әрдайым, тіпті саяхатта да өзіңізбен бірге алып жүруге болатын шағын құтыдағы ағаш, гүл және мускус ноталары үйлескен хош иіс.
9 ЖЕЛТОҚСАН — «Шыр айнал да жарқыра» топтамасындағы «Күнделікті сән»: айна мен тарақ / Twist 'N Twinkle Holiday Everyday Glam Mirror & Hair Comb
Айна мен тарақ — үнемі қол астында жүретін, сапарға арналған тамаша аксессуар.
10 ЖЕЛТОҚСАН — Қабаққа арналған жаңартылған ұзақ сақталатын бояу-қарындаш / New Long Lasting Eyeshadow Stick 08
Кремді құрылымы бар, ерекше ұзақ сақталатын стик пішініндегі қабақ бояуы.
11 ЖЕЛТОҚСАН — Бетке жарқыл сыйлайтын жаңартылған ылғалдандырғыш флюид / New Hydra Pro Glow – шағын пішім
Бетке нәзік жарқыл сыйлайтын шағын флюид.
12 ЖЕЛТОҚСАН — Ерінге арналған жайлы кремді түрлі түсті қарындаш / Creamy Colour Comfort Lip Liner 21
Еріннің мінсіз әрі айқын контурын жасауға арналған кремді қарындаш.
13 ЖЕЛТОҚСАН — Ұзақ сақталатын екіжақты ерін далабы / Unlimited Double Touch
Ерін күтімінің екі кезеңі: күңгірт құрылым және мөлдір жылтыр.
14 ЖЕЛТОҚСАН — Кірпікке арналған тушь / Maxi Mod Mascara – шағын пішім
Кірпікке аса мол көлем беретін шағын тушь.
15 ЖЕЛТОҚСАН — Қабақ бояуын жұмсартып таратуға арналған қиғаш қылқалам / Eyes 59 Slanted Blending Brush
Қабақ бояуын жұмсартып таратуға арналған кәсіби сападағы қиғаш қылқалам.
16 ЖЕЛТОҚСАН — Ерін көлемін ұлғайтатын құрал / Kissable Lip Volume Plumping 01 – шағын пішім
Ерінді мінсіз етіп көрсетіп, көлемін ұлғайту әсерін беретін шағын крем.
17 ЖЕЛТОҚСАН — Қасқа арналған сұйық балауыз / Lamin-Eyes Liquid Eyebrow Wax
Қасқа әсем ламинация әсерін беретін жаңа деңгейдегі сұйық балауыз.
18 ЖЕЛТОҚСАН — «Шыр айнал да жарқыра» топтамасындағы шашқа арналған резеңке / Twist 'N Twinkle Holiday Jewel Hair Tie
Алтын түсті металл әшекейі бар шашқа арналған резеңке.
19 ЖЕЛТОҚСАН — «Шыр айнал да жарқыра» топтамасындағы ерінге жағылғанда еритін жылтыр бальзам / Twist 'N Twinkle Holiday Glitter Glide Lip Balm
Ерінге жарқыл сыйлайтын ылғалдандырғыш бальзам.
20 ЖЕЛТОҚСАН — Бетке арналған жарқыраған сұйық хайлайтер / Glow Fusion Highlighting Drops - 02
Металдық реңк пен ерекше жарқыл әсерін беретін сұйық хайлайтер.
21 ЖЕЛТОҚСАН — Ұзақ сақталатын ерін далабы / Unlimited Stylo Lipstick - 02
Жартылай күңгірт реңк беретін, ыңғайлы стик пішініндегі ұзақ сақталатын кремді ерін далабы.
22 ЖЕЛТОҚСАН — Кірпікке керемет көлем беретін тушь / Extra Sculpt Volume Mascara
Кірпікті қайырып, аса мол көлем беру арқылы жанарыңызды айқындайтын тушь.
23 ЖЕЛТОҚСАН — Ерінге арналған 3D ылғалдандырғыш жылтыр / 3D Hydra Lipgloss
Әйгілі 3D жарқылы бар KIKO брендінің №1 ерін жылтыры.
24 ЖЕЛТОҚСАН — КЕРЕМЕТ ҚОРЫТЫНДЫ
Әртүрлі әсер беретін сәнді қабақ бояулары палеткасы / Glamour Multi Finish Eyeshadow Palette - 01
Алуан түрлі образ жасауға арналған, әртүрлі әсер беретін қабақ бояуының 9 реңкі.
Күнделікті сұлулық күтіміңізді түрлендіретін 24 ерекше тосынсый
Иә, үстіңгі бөлімі мен жылжымалы тартпасы бар мұқият ойластырылған премиум дизайнының арқасында оны мерекеден кейін де әшекейлер сандықшасы немесе косметикаға арналған органайзер ретінде қолдану ыңғайлы.
Күнтізбе екі деңгейге бөлінген: екі жылжымалы тартпаға үстіңгі және астыңғы қайырмалы қақпақтар арқылы қол жеткізуге болады. 1–24 желтоқсан аралығында күнтізбеміз өнімдеріміз арқылы сізді ғажайыптар мен сұлулық әлеміне саяхатқа жетелейді. Әрине, күндерді ашу ретін өзіңіз өзгерте аласыз — KIKO үшін қуаныш пен қиялдың шегі жоқ, сондықтан бәрін өз қалауыңызша жасаңыз!
Әрине! Кері санақты кез келген уақытта бастай аласыз — бұл 24 сиқырлы күн бойы ашып, танысуға болатын тамаша сыйлық.
Өзіңіздің мінсіз үйлесіміңізді табыңыз
Бұйымның қолжетімділігі ағымдағы сәтке көрсетілген және дүкенге барған кезде кепілдендірілмейді
Сіз таңдаулылардағы барлық тауарларды себетке қостыңыз