Ыңғайлы әрі әсем қаптама 5 кәсіби аксессуарды қамтиды: 2 біржақты және 3 екіжақты қылқалам. Жалпы алғанда, жиынтыққа бет, көз және ерін макияжына арналған 8 аппликатор кіреді. Берік, жууға болатын сафьян әсері бар матадан жасалған практикалық, ықшам әрі функционалды қаптама сөмкеге оңай сыяды және қай жерде жүрсеңіз де, күні бойы мінсіз макияжды сақтауға мүмкіндік береді. Жиынтыққа мыналар кіреді: 01 ТОНАЛДЫ НЕГІЗГЕ АРНАЛҒАН ҚЫЛҚАЛАМ- жалпақ қылқалам сұйық және кремді тоналды құралдарды жағуға өте қолайлы. Төзімді әрі иілгіш синтетикалық талшықтар тоналды құралды біркелкі таратады және із қалдырмай, жабындылық қарқындылығын реттеуге мүмкіндік береді. 02 ПУДРАҒА АРНАЛҒАН ҚЫЛҚАЛАМ -дөңгелек пішінді қылқалам компакт және ұнтақ тәрізді барлық пудра текстураларын жағуға арналған. Тығыз қылшықтары мен дөңгелек пішінінің арқасында бұл қылқалам қолдануға ыңғайлы: ол пудраның оңтайлы мөлшерін алады және оны теріге біркелкі таратып, мінсіз нәтиже береді. 03 КӨЗГЕ АРНАЛҒАН ЕКІЖАҚТЫ ҚЫЛҚАЛАМ - екіжақты қылқалам мыналарды қамтиды: көз бояуын және корректорды өте дәл жағуға арналған жалпақ қылқалам және көз бояуы мен басқа макияж құралдарын жайлы жағуға және жаймалауға арналған дөңгелек қылқалам. 04 ЖАЙМАЛАУҒА АРНАЛҒАН ЕКІЖАҚТЫ ҚЫЛҚАЛАМ - екіжақты қылқалам мыналарды қамтиды: ұнтақ және кремді көз бояуын жағуға және жаймалауға арналған жалпақ қылқалам және көздің сыртқы бұрышында және қабақ қатпарында түстік акцент жасауға арналған қиғаш бөшке тәрізді қылқалам. 05 КӨЗ ЖӘНЕ ЕРІНГЕ АРНАЛҒАН ЕКІЖАҚТЫ ҚЫЛҚАЛАМ -қиғаш қылқалам көз контурын жағуға және айқындауға, сондай-ақ макияжда нақты графикалық әсерлер жасауға өте қолайлы. Жұмсақ әрі иілгіш талшықтары бар үшкір қылқалам қарындашпен салынған ерін контурын мұқият жаймалауға және жылтыр мен ерін далабын біркелкі жағуға мүмкіндік береді.
Сіз қай жерде болсаңыз да: сапарда, фитнес-клубта немесе кеңседе, оңай орындалатын кәсіби толыққанды макияж.
Максималды әсерлі макияж үшін қылқаламдарды жүйелі түрде KIKO Brush Cleanser қылқалам тазартқышымен тазалап, талшықтары толық құрғағанша шамамен бір сағат көлденең қалыпта кептіруді ұсынамыз.
Сіз қай жерде болсаңыз да: сапарда, фитнес-клубта немесе кеңседе, оңай орындалатын кәсіби толыққанды макияж.