Оксидативті стресспен күресіп, кез келген жаста теріге сау әрі жас көрініс беретін сарысу. Тиімді біріктірілген белсенді ингредиенттермен байытылған қуатты формула: - жас немесе жетілген теріні энергиямен толықтырып, қартаю белгілерімен күреседі; - қажеттілігіне сай ылғалдандырады; - жасушалардың оттегімен қоректенуін арттыра отырып, бет терісін сауықтырады; - нәзік пилинг пен тазарту арқылы теріні тегістеп, біркелкі етеді. Текстурасы жеңіл, жібектей және тез сіңеді. Сарысуды жағу оның әсем иісінің арқасында нағыз рахат. Атлас жылтыры бар шыны құты және ықшам пішіндері Skin Trainer сарысуының алдыңғы қатарлы қасиеттері мен формуласындағы бірегейлігін көрсетеді. Тамшылатып жағатын аппликаторы бар заманауи, ыңғайлы қаптама өнімнің дәл мөлшерін жағуды жеңілдетеді. Өнім дерматологиялық сынақтан өткен. Құрал комедогенді емес.
Бірнеше күн қолданғаннан кейін тері жұмсарып, ылғалданады, әжімдер азаяды.* Энергияға толған тері тегіс, біркелкі әрі жарқыраған көрініс алады.
*20 әйелдің қатысуымен жүргізілген клиникалық-аспаптық сынақтардың нәтижелері бойынша
SKIN
TRAINER сарысуын күніне екі рет 30 күн бойы пайдаланған.
Терінің серпімділігі 7 күннен кейін 9.2%* және 30 күннен кейін 21.8%* артады.Ылғалдылық деңгейі 7 күннен кейін 14.5%* және 30 күннен кейін 31.6%* артады.Әжімдердің тереңдігі 7 күннен кейін 13.4%* және 30 күннен кейін 32.4%* азаяды.*Орташа мән. Skin Trainer сарысуын күніне екі рет 30 күн бойы қолданған 20 әйелдің қатысуымен жүргізілген клиникалық-инструменталды тест нәтижелері.
Таңертең және кешке қолданыңыз. Әдеттегі күтімнің алдында, мысалы Skin Trainer кремінің алдында, бетке бірнеше тамшы жағыңыз. Ескерту: өнімде альфа-гидроксиқышқылдар бар, олар терінің жарыққа сезімталдығын және, әсіресе, бөртпе шығу қаупін арттыруы мүмкін. Күннен қорғайтын крем қолданыңыз, күннен қорғану үшін сәйкес киім киіңіз және өнімді қолдану кезінде әрі одан кейін бір апта бойы күн сәулесінен аулақ болыңыз. 1-ҚАДАМ. Үстіңгі бөлігін сағат тіліне қарсы бұрап, қаптаманы ашыңыз: батырма жоғары көтеріледі, ал пипеткаға қажетті мөлшерде сарысу толады. 2-ҚАДАМ. Көтерілген батырманы басып, сарысуды мөлшерлеңіз.
AQUA (WATER/EAU), GLYCERIN, POLYMETHYL METHACRYLATE, TRIMETHYLSILOXYPHENYL DIMETHICONE, DIMETHICONE, ALUMINUM STARCH OCTENYLSUCCINATE, BUTYROSPERMUM PARKII BUTTER (BUTYROSPERMUM PARKII (SHEA) BUTTER), PENTAERYTHRITYL TETRAETHYLHEXANOATE, POTASSIUM CETYL PHOSPHATE, XYLITOL, ACRYLATES COPOLYMER, AMMONIUM ACRYLOYLDIMETHYLTAURATE/VP COPOLYMER, ASCORBYL TETRAISOPALMITATE, BUTYLENE GLYCOL, CAPRYLOYL GLYCINE, CAPRYLYL GLYCOL, CREATINE, DIMETHICONE CROSSPOLYMER, DISODIUM EDTA, HELIANTHUS ANNUUS SEED OIL (HELIANTHUS ANNUUS (SUNFLOWER) SEED OIL), HYDROLYZED HYALURONIC ACID, HYDROLYZED SESAME PROTEIN PG-PROPYL METHYLSILANEDIOL, LACTOBIONIC ACID, LYCIUM BARBARUM FRUIT EXTRACT, O-CYMEN-5-OL, PARFUM (FRAGRANCE), PENTAERYTHRITYL TETRA-DI-T-BUTYL HYDROXYHYDROCINNAMATE, PHENOXYETHANOL, POTASSIUM SORBATE, RESVERATROL, SODIUM BENZOATE, SODIUM DEHYDROACETATE, SODIUM POLYACRYLATE, SODIUM POLYSTYRENE SULFONATE, SORGHUM BICOLOR STALK JUICE, STEARIC ACID, VP/POLYCARBAMYL POLYGLYCOL ESTER, CI 14700 (RED 4), CI 19140 (YELLOW 5)